Дінге қатты бет бұрып, әншілікті тастап кеткен әртістер бар.
Танымал әнші Айқын Төлепберген Жұлдыз Өмірғалимен үйлену тойына бұрынғы продюсерінің неліктен келмегенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Youtube-тағы «Зamandas» подкастында айтып берді. Оның сөзінше, қазір өзінің экс-продюсері Эрик Тастембековтің де діни жолға түсіп, тіпті осы себептен тойына келмеген.
«Дінге қатты бет бұрып, әншілікті тастап кеткен әртістер бар. Бірақ 5-6 жылдан кейін олардың қайтып келетініне сенімдімін. Алайда сахнаға қайта оралу қиын болады. Тіпті менің бұрынғы продюсерім Эрик Тастембеков осы себеппен менің тойыма келген жоқ. Айтуынша, бұл – харам. Бірақ бұрында ол кісі мүлдем басқа болатын. Музыкаға тыйым дегенді түсінбеймін. Меніңше, бұл сәл теріс ағымның ұстанымы. Қазір кім көрінген уағыз айтатын болған. Бұны заңмен реттеу керек деп ойлаймын.Тіпті домбыраны харам дейтіндер бар. Оны қалай харам деуге болады? Құдай музыканы жаратты, яғни музыка болуы керек», - деді әнші сұхбатында.