Бір образда қалып қоюға болмайды.
Белгілі актер Ерболат Әлқожа кинода кез келген образды сомдауға дайын, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget-ке сілтеме жасап.
Актер шығармашылық жоспары және образдары жайлы ойын ашық айтты.
"Мен үнемі режиссерлерге кез келген рөлді ойнаймын деп айтамын. Маған бәрібір. Құл болса құлды, бай болса байды, батыр болса батырды, гей десе, гейді ойнауға дайынмын. Мен тек соны шығаруға ұмтыламын. Шын әртіс образ талғамауы тиіс. Актер әмбебап болуы керек. Бір образда қалып қоюға болмайды", - деді ол.
Айта кетейік, Ерболат Әлқожа – қазақстандық танымал актер. Елімізге белгілі бірнеше жобаларда бой көрсеткен. Әсіресе ел арасында режиссер Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" драмалық фильміндегі образымен есте қалды. Фильм тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған. Бұдан бөлек, "Талақ" және "Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында" сынды толықметражды фильмдерінде өнер көрсетті.