Егер басқа адам болса, ол сол орнында жылап, көмек сұрап жатар еді. Бірақ ол әділдікке сеніп, үмітін үзбейді.
Үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға әріптесі, тележурналист Айгүл Мүкей араша түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележурналист Жоғарғы Сот пен басқа құқық қорғау органдарының осы іске назар аударуын өтінді.
“Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 3 жыл бұрын Диляра Т. деген адамның уәдесіне сеніп, Tumar Grand Village коттедж қалашығынан үй алғысы келген. Ал Диляра уәдесінде тұрудың орнына Жұлдыздың пәтерін алып, оны өз бауырының атына рәсімдеген. 3 жыл өтті, үй салынған жоқ. Жердің өзі несие ұйымының кепілдігінде тұр. Диляра Жұлдызға тек уәде берумен уақыт созып келген. Жұлдызбен бірге тағы да 10-ға жуық адам зардап шеккен. Үй де, пәтер де жоқ... Жұлдыз барлық инстанцияларға және соттарға жүгінді, бірақ әзірге барлық сотта ұтылып келеді. Оған қатысты қорқытулар мен мазақтау болып жатыр. Жұлдыз заңның әділдігіне сенеді және алаяқтар жазасын алады деп үміттенеді. Мен Жұлдызды бұрыннан танимын, ол шын мәнінде мықты тұлға, төрт баланың анасы, жалғыз... Пәтерсіз, негізінде барлығы жақсы болған еді, бірақ... Егер басқа адам болса, ол сол орнында жылап, көмек сұрап жатар еді. Бірақ ол әділдікке сеніп, үмітін үзбейді. Мен, досы әрі ана ретінде Жұлдыздың ісіне Жоғарғы Сот пен басқа құқық қорғау органдарының назар аударуын сұраймын", – деп жазды Айгүл Мүкей.