Желі қолданушылары блогер мен актрисаның арасында махаббат барын айтып, бұған дейін де екеуін бірге көргендерін жазған.
TikTok желісінде белгілі актриса әрі продюсер Құралай Анарбекованың блогер Нұрдәулетпен (NNN) жүрген видеосы тарады, — деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары блогер мен актрисаның арасында махаббат барын айтып, бұған дейін де екеуін бірге көргендерін жазған.
«Ой, апасымен келіпті ғой. Қасынан қалмайды өзі», «Күшті жұп қой», «Жастар бақытты болсын», «Әйелі ғой», — деді олар.
Айта кетейік, Құралай Анарбекова 1989 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ал NNN атымен танымал тараздық Нұрдәулет 1998 жылы туылған.