Мұндай тосынсыйға риза болған актриса әріптесіне алғысын білдірді.
Қазақстандық танымал актер Олжас Абай әріптесі, актриса Дариға Бадықоваға тосынсый жасап, оны қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында Олжас Абайдың өзін қалай қуантқанын бейнежазба арқылы бөлісті. Бейнежазбада актердің актрисаға үлкен гүл шоғын сыйлап, ерекше сыйлық табыстағаны көрсетілген.
Анықталғандай, Олжас Абай Дариға Бадықованы "Таптым-ау сені – 2" фильмінің 1 миллиард теңге жинаған жетістігімен құттықтаған. Мұндай тосынсыйға риза болған актриса әріптесіне алғысын білдірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары да қос өнерпазды бұл табыстарымен құттықтап, жылы тілектерін жолдады.