15.12.2024, 04:30

«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желіден

Балалардың бәрі қымбат мектепте оқиды.

 

 

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, келіні Жұлдыздың үйсіз қалғанына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер келінінің бұл мәселеден алдымен өзі шыққанын қалайтынын жасырмады. 

Өзінің қателігі болғаннан кейін мойнымен көтеріп, тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Қайрат екеуміз түнде ұйықтамай концерт беріп, алып берген үй ғой, кішкене көрсін енді. Қайраттың бала-шағасы мен Жұлдыз үйсіз қалмайды. Олардың тұрып жатқан үйіне ай сайын миллионнан беріп отыр. Балалардың бәрі қымбат мектепте оқиды. Шопырына дейін төлеп отыр. Олардың барлық жағдайы жасалынған ғой. Соның барлығы Қайраттың еңбегі. Ол үшін бізді кінәләудің қажеті жоқ, деді ол. 

Гүлизра Айдарбекова баласы Қайраттың отбасын жақсы көретінін айтты.

Қайрат отбасын жақсы көреді. Жұлдызды да қалай жақсы көретінін білесіздер. Жұлдыз да менің келінім. Өз қолымды кесіп, сіздерге жамандап отырмаймын. Жұлдыз жақсы үйде тұрғысы келеді. Олар 30-40 мың доллардың үйінде тұрмайды. Жақсы жағдайға әбден үйренген. Әйтпесе ондай үйді қазір-ақ алып беретін едік. Ол үшін Қайрат тағы еңбек етуі керек. Ештеңе оңай келмейді, — деді Айдарбекова.