16.12.2024, 13:30

«Ол тақырыпты қозғағым келмейді»: Құралай Анарбекова сұхбат барысында жылап қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Сондықтан да мен оның қасында үнемі жүретінмін, қасында ұйықтайтынмын.

Белгілі актриса және кинопродюсер Құралай Анарбекова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әжесі туралы айтып көзіне жас алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тамақ істеп үйрену, үйдің шаруасын жасау – сол әжемнен үйренгенмін. Әжем өлең айтуға үйретті, сиыр сауамыз, сепаратор тартамыз. Тамақ істейміз, үнемі бірге жүреміз. Әжем ешқашан маған дауысын көтеріп сөйлемеген. Сондықтан да мен оның қасында үнемі жүретінмін, қасында ұйықтайтынмын», – деді Құралай Анарбекова. 

Жүргізушінің әжеңмен кездесу мүмкіндігі туса, не айтар едің деген сауалына актриса жылап жауап беруден бас тартты.