Былтыр өздері сұранып барып еді, биыл арабтар шақырыпты", – деді әнші.
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жезтаңдай әнші ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, мерейлі жасымен құттықтап жатқан халыққа алғыс білдірді.
“Халқым 95 жасқа келсем де "әнші қызымыз" деп бағалайды. Соған қарағанда, халықтың сүйіспеншілігін ақшаға сатып ала алмайсың", – деді опера әншісі.
Сонымен қатар, халық әртісі өнерден жолы болғанымен, отбасында бақытқа бөлене алмағанын жасырмады. Марқұм болған балаларын да есіне алды.
“Құдайға шүкір сары қызым бар. Екі қызым, бір ұлым болды. Кіші қызым 2007 жылы жүректен кетті. Жалғыз қызым қалды. Өзі шешеме тартқан. Ұлымның белі ауырып, екінші топтағы мүгедектігі бар. Сол ұлымның Малика деген бір қызы бар. Сол Малика Төлегенова "Астана Операда" директордың халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары. Жуырда Біріккен Араб әмірліктеріне әйгілі "Щелкунчикті" апарып қояды. Былтыр өздері сұранып барып еді, биыл арабтар шақырыпты", – деді әнші.