$ 522.63  548.66  5.07

«Дауысын сағынып қалыппын»: Мақпал Жүнісова марқұм Мұрат Ерғалиевті есіне алды (ВИДЕО)

Сондай-ақ марқұм продюсердің жасаған еңбектері шаң басып жатқанын да айтты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм продюсер Мұрат Ерғалиев жайлы естелігін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Мұрат Ерғалиев "Азия дауысы" фестивалінің, "Жас қанат" конкурсының, одан бөлек бірнеше музыкалық байқаудың ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болған. 

“Марқұм Мұрат Ерғалиевтің дауысын сағынып қалыппын. Марқұм анасы радиода буфетте қызмет еткен еді. 5-сыныптан бастап Алматыдағы радиоға жиі баратынмын. “Туған жер”, “Анажан”, “Папажан”, ”Өнерге қанат қаққандар” деген хабарға да Нұрахмет Жорабаев аға шақыратын. Сонда қалтамда ақша жоқ, қарным аш кез еді. Сол кезде буфетке барып, Мұраттың анасына ән айтып беретінмін. Анасы бәліш пен шайға тойдырып жіберетін. Топырақтары торқа болсын! 1992-1995 жылдары мен туралы деректі фильм түсірген еді”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ марқұм продюсердің жасаған еңбектері шаң басып жатқанын да айтты. 

“Осы Александр Пономарёв пен Мұрат Ерғалиевке жасаған еңбектері үшін еш марапат бермеді ғой. “Жас қанат”, “Алматы достарын қарсы алады”, “Азия дауысы” “Қазақ әндерінің халықаралық конкурсы”, “Алма-Ата махаббатым менің”, “Айналайын” балалар фестивалі соның бәрі шаң басып жатыр. Сол архивтерді неге арналардан бермеске?! Тіпті туысқандарына да табыстау керек. Мұраттың артында әпкесі мен жиендері ғана қалды”, – деді халық әртісі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары