2017 жылға дейін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы және жүргізушісі, «Балапан» телеарнасының директоры болды.
47 жыл бұрын (1977) VIII сайланған Астана қаласы мәслихатының депутаты, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және халықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, тележүргізуші, продюсер, медиа-менеджер, танымал журналист Ләйла Сұлтанқызы СЕҢГІРБЕКОВА дүниеге келді, деп хабарлайдыSkifnews.kz ақпарат порталы.
Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Шаһар» телеарнасының продюсері болып бастап, «Hit TV»арнасында директор, «Қазақстан» РТРК АҚ продюсер лауазымдарымен жалғастырды. «KazMedia Mobile» ЖШС бас директоры, «Кино+Сериал» баспасының бас редакторы. 2017 жылға дейін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы және жүргізушісі, «Балапан» телеарнасының директоры болды. «Jibek Joly» телеарнасындағы «Сұхбат. Ләйлә Сұлтанқызымен» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.