Маған төлеген 6 миллион теңгеңізді шығара алмай қалсаңыз не болады?!
Желі жұлдызына айналған танымал блогер Әлішер Елікбаев жарнама үшін қанша теңге алатынын жасырмады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Маған ұсыныс түскенде мен бірден бір жыл жұмыс істейікші деп айтамын. Өйткен екі жаққа да солай тиімді. Менің бір сторисім – 1 миллион 200 мың теңге тұрады. Reels – 6 миллион теңге. Желтоқсан айынан бастап бағаны осылай көтердім. Бір жыл жұмыс істесек, екі жақтың да аудиторисына танымал боламыз. Бағасы да арзандау болады. Маған төлеген 6 миллион теңгеңізді шығара алмай қалсаңыз не болады?! Шағын бизнес бастап жатқандардан ұсыныс түседі. Сондай кезде жанашырлық танытып, тиімді жағын ұсынамын. Бір жылдық келісімшарт үш есе аз болады. 10 жылдан бері менімен жұмыс істеп келе жатқан компаниялар бар», – деді блогер «Айқап» подкастында.