$ 523.86  544.34  5.11

«Жеңіске аз қалды»: Сәби сүйе алмай жүрген белгілі блогер ауыр ота жасатты (ВИДЕО)

«Бұйырса көп балалы ата-ана болыңдар», «Алла шипасын берсін. Ем болсын» десті желі қолданушылары.

Фото: instagram.com/eldos_kalabok
Фото: instagram.com/eldos_kalabok

Біраз жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген танымал блогер ауыр ота жасатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер Елдос Қадырханов желіге отадан кейін видео жариялады.

«Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден «өкінішке орай» деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа сүйінші сұрайтын күнге жетейік», - деп жазды блогер.

Ал блогердің оқырмандары жұбайларға сәттілік тілеп, тәлеулес екендіктерін жарыса жазды.

 «Бұйырса көп балалы ата-ана болыңдар», «Алла шипасын берсін. Ем болсын» десті желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары