Видеода ерлі-зайыптылар өздері туралы тараған түрлі қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, оларға ренжімейтінін жеткізді.
Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында жолдасы Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода ерлі-зайыптылар өздері туралы тараған түрлі қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, оларға ренжімейтінін жеткізді. Сонымен қатар, Жұлдыз Әбдукәрімова ұйымдастырып жатқан ұтыс ойынының шарттарын түсіндірді.
Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы әрдайым желі қолданушылары арасында қызу талқыланады. Осы жолы да актрисаның жариялаған видеосы бір сағат ішінде мыңдаған пікір жинады.
Көпшілік ерлі-зайыптылардың бірге түскенін көріп қуаныштарын білдіріп, оларға бақыт тіледі. "Сіздерді бірге көргенімізге қуаныштымыз", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
"Мәңгілік бақытты болыңдар! Алла абыройдан айырмасын!", "Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!", Ойынды емес сендерді көргеніме куанып кеттім", Бірге екен ғой", "Бакытты болыңыздар! Ажырамаңыздар! Әр отбасы бақытты болсын", деп жазып жатыр оқырмандар.