24.12.2024, 06:30

«Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды»: Димаштың анасы танымал ресейлік блогерді орнына қойды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса - келме.

Ресейлік блогер Илья Варламов еліміздің бас қаласы Астана туралы пікір білдірді. Алайда оның бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваға ұнамай қалды, - деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Варламовтың сөзінше, Астана өмір сүруге арналмаған. 

"Астана нашар қала. Өмір сүруге өте қолайсыз. Астана қала емес. Маған ұнамайды, ешқандай жайлылық жоқ, қыдыруға да келмейді. Басында-ақ тұрғызылғанда дұрыс жоспарланбаған. Жан-жақты айтпай-ақ қояйын, бұған дейін ашып жазған болатынмын. Астанаға тек жұмыс бабымен ғана барамын", - деді ол жүргізуші сауалына. 

Бас қала туралы айтылған блогердің бұл сөзі Димаштың анасына ұнамай қалған. 

"Сенің пікірің керек еді бізге. Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса - келме. "Асын ішіп, аяғына түкіру" дейді мұндайды", - деп жазды Света Айтбаева.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Варламовты қолдаса, енді бірі Астананың жайлы қала екенін жарыса жазды.