Жұлдызды қонақтар арасында Димаш Құдайберген мен Зарина Алтынбаева да болды.
Қазақ эстрадасының бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын өткізді. Аңыз әнші жаңа жасын ет-жақындарымен бірге атап өткен, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған мерекелік шара Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Эстрада жұлдызын барша ағайын-туысы мен өнердегі жақындары құттықтап келген.
Жұлдызды қонақтар арасында Димаш Құдайберген мен Зарина Алтынбаева да болды.
"Бибігүл апайымыз осы жасқа дейін қазақ мәдениетін бұкіл шартарапқа танытып келген аңыз тұлға", - деді өз тілегінде Димаш.
Зарина Алтынбаева Instagram-дағы парақшасында фото мен видео жариялап, көпшілікке Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойы қалай өткенін көрсетті.