Мөлдір Мұқанова туған күн тақырыбындағы ән жазған екен.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өзінің желідегі парақшасында қуанышты жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазуынша, оның жаңа әні жарыққа шыққан.
«Менде қос қуаныш. Раконтайдың жаңа жасымен бірге жаңа ән келді. Сәйкестік деп осыны айт. Ал, аппақ тілектеріңізді жаудырыңыздар, достарым. Әр үйде қуаныш болсын!», - деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанова туған күн тақырыбындағы ән жазған екен. Ал желі қолданушылары оған құтты болсын айтып, жылы лебіздерін жаудырған.