24.12.2024, 04:30

Ғасырға татитын ғұмыр: Бибігүл Төлегенова мерейтойын дүркіретіп өткізді (ФОТО, ВИДЕО)

Фото: Instagram/zarina_altynbayeva

Жұлдызды қонақтар арасында Димаш Құдайберген мен Зарина Алтынбаева да болды.

Қазақ эстрадасының бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын өткізді. Аңыз әнші жаңа жасын ет-жақындарымен бірге атап өткен, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған мерекелік шара Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Эстрада жұлдызын барша ағайын-туысы мен өнердегі жақындары құттықтап келген.

Жұлдызды қонақтар арасында Димаш Құдайберген мен Зарина Алтынбаева да болды.

"Бибігүл апайымыз осы жасқа дейін қазақ мәдениетін бұкіл шартарапқа танытып келген аңыз тұлға", - деді өз тілегінде Димаш.

Зарина Алтынбаева Instagram-дағы парақшасында фото мен видео жариялап, көпшілікке Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойы қалай өткенін көрсетті.