$ 521.81  543.67  5.05

«Ішімізге әрең сыйды»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)

Әншінің ең кіші сіңлісі тұрмысқа шықты.

Фото: instagram.com/roza_alqozha
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Белгілі әнші Роза Әлқожа сіңілісіне ерекше сый жасап, қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бибі-Айша деген сіңлім дүниеге келгенде үш қыз болдық деп қуанғанмын. Көп ұзамай шешем тағы бала көтерді. Бұл қызды смесь беріп өзім бақтым. Күйеуге шыққан соң бір жылдан кейін қолыма алдым. Он жаста Алматыға келген қыз жиырма бір жасына дейін қиындық пен қуанышты қатар көріпті. “Менің сіңлім” деген әнмен тосын сый жасадық! Сөзін жазғаныммен әні ұнамады. Сосын @telmanio ға көрсетіп ем, екі күннен соң осындай дүние жіберді. Бір жарым ай бұрын өңдетіп, дайындалып, ішімізге әрең сыйған дүниені кеше паш еттік!Сіңлімді қуантсам деген ой іске асқан сияқты. Атсалысқан барша жандарға рахмет!», — деп жазды өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 41
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары