Бізде Кеңес Өкіметіндегі үрдіспен күтіп алады.
Танымал әнші қазақстандықтар мен ағылшындардың Жаңа жылды қарсы алуындағы айырмашылықтар туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жаңа жылдың алдындағы көңіл-күйлеріңіз қалай?! Қызық, біздің елде 31 желтоқсан түнгі 00.00-де жаңа жылды кәдігімгідей «5 мин қалды, 10 мин қалды» деп күтіп алмасаң келесі жыл келмей қоятын сияқты. Бізде Кеңес Өкіметіндегі үрдіспен күтіп алады. Ал мына Англия елінде қараша айынан желтоқсанның 25-іне дейін “Christmas” деп сұмдық дайындалады, тойлайды содан 26 желтоқсан күні көшеде туристерден басқа адам қалмайды. Барлық жер жабық, тіпті метро да бір-екі күн жүрмейді. Осындай қызықтар бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Қайсысы қызық?», — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.