$ 515.31  533.96  5.3

Мөлдір Әуелбекова ата-анасының тағы бір арманын орындады (ВИДЕО)

Жұлдызды жанұя круизбен саяхаттауға аттанған. 

Фото: smartnews.kz
Фото: smartnews.kz

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ата-анасының асқақ армандарының бірін орындап, оларды ерекше қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әнші ата-анасының көптен бері армандап жүрген саяхатын ұйымдастырған. Белгілі болғандай, жұлдызды жанұя круизбен саяхаттауға аттанған. Мөлдір Әуелбекова жеке парақшасында арнайы видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Бейнежазбада эстрада жұлдызының жақындарымен су кемесіне жайғасып, ерекше уақыт өкізіп жатқаны көрініс тапты.

"Бізбен саяхатқа! Ата-Анамның тағы бір арманын орындауды бұйырыпты! Жұғысты болсын! Әмин", - деген жазба қалдырды әнші.

Желідегілер жұлдызды отбасыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары