$ 521.81  543.67  5.05

«Айтпай-ақ қояйық дегенбіз»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты жазба жариялады

Блогер Клара Иса оқырмандарына өтініш айтты. 

Фото: @klarita_os
Фото: @klarita_os

Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәліге қатысты спортшының әйелі пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер Клара Иса Әнару Құрманәлигіге жаны ашитынын айтты.

“Сол қызға қатысты тағы бір видеолар шығыпты. Өкінішті, әрине. Оларды көріп жатырмыз. Тағы да қайталап жібере бермеңіздер. Алла сана берсін. Адам ретінде шынымен жаным ашиды. Қаншама дүниелерден кейін де әлі де есін жимаған. Әлі де сабақ алмаған. Жасы болса 30-ға келді. Әкесіне обал. Бауыры да бар екен. Өзін ойламаса да осы кісілерді ойлау керек еді. Қайта-қайта кеудесін соғып отыр. “Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа” дейді. Бірақ камераға түсіп қалған видеоларын көріп отырмыз. Бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз. Шын жүрекпен жаным ашиды. Осындай сөздерге айтпай-ақ қояйын дегенбіз, бірақ өздері соған жеткізді”, – деді блогер келіншек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары