$ 521.81  543.67  5.05

«Құны – 300 миллион теңге»: Блогер Дархан Жолшыбековтің үйін атыраулық көпбалалы ана ұтып алды (ВИДЕО)

Шынайы ұтысты иелендім деп ойлаймын.

Фото: Youtube
Фото: Youtube

Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков өзі тұрып жатқан үйін ұтысқа тіккен болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын үйін курс сатып алғандар арасында ойнатты.

Атырау облысы Индер ауданында тұратын 31 жастағы Сапанова Әсемгүл есімді төрт балалы келіншек конкурстың жеңімпазы атанды. 

“Дарханға ешқандай таныстығым жоқ. Курсын сатып алдым. Шынайы ұтысты иелендім деп ойлаймын. Балаларымның несібесі”, – деп жазды атыраулық келіншек. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қуанып жатса, енді бірі сенбейтінін жасырмады. 

“Дарханның өз адамдары шығар”, “Негізі үй ұтып алуға болады”, “500 мың адам курсын сатып алған. Тағы да 300 миллион үйді сатып алады”, “Ешқандайда да батпан құйрық емес. Бәрі рас. Құттықтаймыз”, “Дарханның өзі аты шыққан алаяқ” – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары