Ол өзінің Instagram парақшасында қолдау көрсеткен барлық адамға алғыс айтты.
Ресейлік әнші Анна Седокова бұрынғы баскетболшы жұбайы Янис Тимманың қазасынан кейінгі өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзінің Instagram парақшасында қолдау көрсеткен барлық адамға алғыс айтты.
"Осы қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткен барлық адамға алғысымды білдіремін. Мен әлі ауруханада жатырмын және қазірше бұрынғыдай й өмір сүре алмаймын", — деп мойындады әнші.
Седокова қазір Тимманың отбасы мүшелерімен және барлық жақындарымен, достарымен "онымен қоштасуды" лайықты түрде ұйымдастыруға тырысып жатқандығын атап өтті.
Сурет: Instagram/annasedokova
Бұған дейін Анна Седокова бұрынғы күйеуінің өлімінен кейін ауруханаға түсіп қалған болатын. Оның экс-жұбайы, латвиялық баскетболшы Янис Тимма Мәскеуде өлі табылды. Спортшы 33 жасында асфиксиядан қайтыс болды.