Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым.
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова туған ел тақырыбын қозғап, шетелде неліктен өнерін дамытпағанын айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің сөзіне құлақ түрсек, оның шетелде өнерін дамытып, әлемдік сахналарда өнер көрсетуіне мүмкіндігі болған.
«Қазақ елі үшін қызмет жасаған әншімін. Мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Мен тек Қазақстанды араладым. Ауылдарды, станцияларды аралап шықтым. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. «Мені шетелге шығарып, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса» десем орындайтын еді. Бірақ мен ондайға бармадым. Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім», - деді әнші «Оян» бағдарламасына берген сұқбатында.