$ 521.81  543.67  5.05

«Қыз баласындай жақын бола алмаймыз»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкелеріне жүрекжарды тілек арнады (ВИДЕО)

Әке-шешеміз алтауымызды бір біріне тете қылып туған ғой. 

Фото: https://www.instagram.com/abdizhappar_alkozha/
Фото: https://www.instagram.com/abdizhappar_alkozha/

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікке үш қыздың ортасында өскен ұл екенін айтып, бауырларын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әпкесінің тойында сөз сөйлеп, қыз баланың мәртебесі биік екенін еске салды. 

“Қыз баласы неге сонша ақылды болады екен?! Алла шебер ғой маған да дәл солай ақылды үш әпке берген. Роза Әлқожа айтпасам да, ел білетін қамқор ана, аяулы әпке ғой. Десек те мен осы өзімнің кенже әпкемді бұлай жүрегімді жарып тілек айтады деп ойламаған едім. Әке-шешеміз алтауымызды бір біріне тете қылып туған ғой. Сен менің тетемсің, ең жақынымсың дегенде мен өзімді әлемнің бауыры сезініп кеттім. Саған жағаласып тусам да, сенің маған жақын екеніңді осы бір ауыз сөзің маған енді түсіндіргендей. Жігітпін дегенде бәледеміз. Бірақ осы туыстыққа келгенде қыздардай ойланып, қыз баласындай жақын бола алмайды екенбіз. Розаның қамқорлығы бір бөлек. Перизат әпкемнің ақылы бір басқаша. Ал сенің мына сөздерің – менің ең жақыным екеніңді ұқтырды. “Қыз жат жұрттық” дейді. Бірақ жан дүниеге жылу беретін – өздерің. Бақытымды көру үшін бар болғандарың үшін рақмет! Нағашы болып қашан да жиендердің тай, тұлпарларын сыйлауға біз дайынбыз”, – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары