Жұлдызды жанұяның жаңа жылдық отырысына Әбдікәрімованың анасы да келген.
Шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас 31 желтоқсанды өз жанұясымен бірге Астанада өткізді. Жұлдыз Әбдікәрімова қыздарымен бірге дастархан жайып, пәтерін ерекше безендірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдызды жанұяның жаңа жылдық отырысына Әбдікәрімованың анасы да келген.
Қайрат Нұртастың ата-анасы мен бауырлары да Жаңа жыл мерекесін Астана қаласында атап өткен. Алайда олар қымбат қонақ үйлердің бірінде тойлауды шешкен. Айдарбековтер бұл мейрамды ұлдары мен келіндерімен ғана емес, құдаларымен де бірге өткізген. Гүлзира Айдарбекова желіде жаңа жылдық кештен видео жариялады.
"Келіп жеткен жаңа-жыл, елімізге берекелі жыл болып келуін Алла қабыл етсін!", - деген жазба қалдырды продюсер.