$ 525.11  546.74  4.88

«Қыздарыммен құрбылардай жүрмін»: Мөлдір Мұқанова қыз тәрбиесіне қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

Қазіргі менің міндетім — қыздарымның жанында болу.

Фото: instagram.com/moldirmukanova
Фото: instagram.com/moldirmukanova

Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова қыздары жайлы қызықты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қызғалдақтарыммен бір толқындамыз, бірге өсіп, бірге дамудамыз. Қыздарым өсіп мені де өздерімен қатар сәнді етіп алып жүреді ғой деп ойлайтынмын. Қырық жасымда қыздарыммен құрбылардай жүргеніме, арамызда ортақ тақырыптар бар екеніне, арамызда керемет байланыс, сезім барын ойлаған сайын, қуаныштан, ризашылықтан жүрегім жарылардай қуанамын. Қазіргі менің міндетім — қыздарымның жанында болу, анасы және досы болып қалу!», - деп жазды продюсер.

Сондай-ақ ол қыздарына арнаған тілегін де жазған.

«Өмірімнің гүлі, жанымды жадыратып, жүрегіме жылулық ұялатқан аяулы, сүйкімді, ақылды, саналы қыздарыма аналық тілегімді айтып отырамын. Осылайша, 2024 жылғы ризашылық постымды қыздарыма арнағым келді, көркем фотоларын инстаәлемімде болғанын қаладым», - деді Мөлдір Мұқанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары