Күйеубаламыз қайда кеткен?
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманюаева Жаңа жыл мерекесінен кейін бірден анасымен Түркия еліне аттанған. Былтыр отбасын құрған өнер иесінің бұл әрекеті желідегілердің таңданысын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айгүл Иманбаева шетелге жол тартқанын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Шоу-бизнес өкілі Түркияның Стамбұл қаласынан фото мен видео жариялап, көпшілікке анасы екеуінің демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Анасы мен қызы Стамбұл қаласының әсем жерлерін аралап, тамаша әсер алып жүр.
«Әлемнің сұлулары татымайды, анамның күліп тұрған бейнесіне. Анашыммен бірге түнгі Стамбұлдың сиқырлы сәттерін тамашалап жүрміз», - деп жазды әнші.
Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары әншінің күйеуін іздей қалды.
«Күйеуің қайда?», «Күйеуіңіз неге бармаған?», «Жолдасыңыз көрінбейді», «Күйеубаламыз қайда кеткен? Жоқ болып кетті ғой», «Отағасысыз қыдыра бересіз бе?», - деп желі қолданушылары сұрақты қарша боратты.