Бейнені ол "Вечная память Максату Мухитденову" деген тақырыппен өзінің Instagram парақшасына жүктеді.
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың әкесі екі жыл бұрын дүние салған болатын. Бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда Алагөзова мұрағаттағы суреттерден бейне әзірлеп, әкесін есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнені ол "Вечная память Максату Мухитденову" деген тақырыппен өзінің Instagram парақшасына жүктеді.
Сондай-ақ, жазба Бағым Мұхитденова орындаған әнмен сүйемелденді.
"Сенсіз өткен екі жыл. Уақыт емші емес, ол тек өзіне бағындырады. Бағым сен үшін ән шырқады, сенің әдемі даусың, талантың тек соған берілген", - деп жазды Алагөзова бейненің жазбасына.