Арада махаббат та, сыйластық та, бір біріне құрметті де болу керек.
Белгілі әнші Жазира Байырбекова жеке парақшасында отбасы тақырыбында мәселе көтеріп, жазбасы көпшілікке ой салды,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі отбасылық өмірде бар жауапкершілікті әйелге артып қою дұрыс емес екенін алға тартты. Әнші әсерлі жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
"Отбасының берекесі әйелде деп келдік. Нәзік жанды әйелге бар жауапкершілікті артып қою дұрыс емес қой, иә?! Отбасының берекесі екі адамға да байланысты", - деп жазды Жазира Байырбекова.
Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бұл пікірін қолдап, оған жылы лебізін білдірді.
"Өте дұрыс айтасыз. Бәрі екі адамға байланысты", "Жолдасым екеуміз үй тірлігін бірге істей береміз. Береке мен бірлік деген осы болар", "Сөздеріңізбен толықтай келісемін", "Дұрыс айтасыз. Бәрін әйелге артып қою өте дұрыс емес", "Сондай жарасымды жұп. Бақытты болыңыздар", "Арада махаббат та, сыйластық та, бір біріне құрметті де болу керек", "Өте орынды айтылған", - деп жазуда көпшілік.