$ 524.75  540.6  5.12

«Бөлісетін сәт келді»: Алтынай Жорабаева жүктілігін жақындарына қалай жеткізгенін көрсетті (ВИДЕО)

Алтынай Жорабаева мұрағаттық бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Фото: @altynaizhorabayeva
Фото: @altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева бұған дейін еш жерде көрсетпеген отбасылық видеосын бөлісіп, елді сүйсінтті. Өнер иесі көптен күткен жүктілігі туралы жолдасы мен жақындарына қалай хабарлағанын көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтынай Жорабаева мұрағаттық бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Бөлісетін сәт келді. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек Аллаға ғана тән. Аллама сансыз шүкірлер. Зымыраған уақыт-ай. Осыдан 2 жыл бұрын, көптен күтіп жүрген жаңалығымызбен , жақындарымызбен бөлісіп шыққан едік. Видеоға түспей қалғаны да бар. Міне, бүгін сіздермен бөліскім келді. Алланың қалауымен Амина Алишерқызына бүгін 1 жас толды. Амина қызымыз, қаншама жанның дұғасымен, махаббатпен келген балапан. Сәби күтіп, дұға жасап жүрген жандарға жұғысты болсыншы. Дұға-тілектеріңізге мың алғыс. Өздеріңізге еселеп қайтсын", - деген жазба қалдырды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары