$ 524.75  540.6  5.12

«Әкесінен аумай қалған ғой»: Алтынай Жорабаева алғаш рет кенже қызының суретін көрсетті (ФОТО)

Сәбидің туған күніне байланысты Алтынай қызын ерекше сәнді киіммен киіндіріп, үйінде арнайы фотосессия ұйымдастырды.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva/
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva/

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Алтынай Жорабаеваның кенже қызы Амина бір жасқа толды. Әнші бұл ерекше күнге орай қызының бейнесін алғаш рет көпшілікке көрсетуді ұйғарған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында қызын алғаш таныстырған видеосын жариялады. Бұл видеода ол жүктілігі туралы жақындарына қалай хабарлағанын көрсетті.

Сәбидің туған күніне байланысты Алтынай қызын ерекше сәнді киіммен киіндіріп, үйінде арнайы фотосессия ұйымдастырды.

Желі қолданушылары әншінің кенжесіне сүйсініп, жылы тілектерін жолдады. Біреулер оны анасына ұқсатса, енді біреулер әкесінен аумай қалғанын жазды.

"Тәтті бүлдіршін. Бір жасы құтты болсын", "Көптен күткен қызыңыздың туған күні құтты болсын. Бақытты өмір тілейміз", "Неткен сүйкімді періште", "Анасына айнымай ұқсапты", "Анаңдай қадірлі жан бол", "Әкесінен аумай қалған ғой", "Екеуіне де ұқсайды екен", – деп жылы лебіздерін қалдырды оқырмандар.

Алтынай Жорабаеваның Stories-i

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 146
Ұнамайды 15
Күлкілі 10
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары