10.01.2025, 14:00

«Сіз де оранып кеттіңіз бе?» Қарақат Әбілдина отбасымен Меккеде жүр

Коллаж: Sn.kz

Орамалды қолдайсыз ба?

Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Қарақат Әбілдина отбасымен бірге Мекке қаласында Умра қажылығын өтеп жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Меккеде орамал тағып, видеоға түсіп, тыңдармандарына сауал жолдады.

«Қымбатты оқырмандарым, менің орамалыма қатысты керемет сөздер айтылып жатыр. Бұл орайда сіздер не ойлайсыздар? Мына жақта қазақтар сіз орамалмен ерекшесіз, орамал жарасады, жас көрінесіз деп жатыр. Шын, келгелі макияж, прическа деп әбігер болмай, тап-таза күй кешіп, жаным да тәнім де демалып қалды. Осы тұрғыда сіздер не ойлайсыздар? Реакцияларыңызды білдіріп отырыңыздар. Орамалды қолдайсыз ба?», — дейді әнші.

Әншінің оранғанын көрген желі қолданушылары түрлі пікір жаза жөнелді. 

«Алла құлшылықтарыңызды қабыл етсін», «Сіз де орамал тағып кеттіңіз бе?», «Осындай қасиетті жерге бала ертіп бару қаншалықты дұрыс? Олар әлі ештеңе білмейді ғой», «Барша тілегіңіз қабыл болсын!», — десті көпшлік. 

Әнші Instagram stories-те Меккедегі қазақтардан орамалына қатысты тек жақсы сөздер естіп жүргенін жазды.

«Баршаңызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Алланың қалауымен, бала-шағамызбен қасиетті жерге құлшылық етіп, Умра қажылық өтеуге ниеттеніп келдік. Алла қабыл еткендерден болайық», — деді әнші.