11.01.2025, 17:30

«Не позорьтесь»: Коуч блогер қырындаған қыздардың аналарына үндеу жасады (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Sn.kz

«Туыңдар, аналарымыз 10 құрсақ көтерген» дейтін еркектер үнсіз.

Белгілі психолог, коуч Роза Әшірбаева оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев қырындаған қыздардың аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал коуч желідегі парақшасында қыздардың аналарына үндеу жасап, істі соңына дейін жеткізуді сұраған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ғашық болып қалдым»: Оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев 11 жасар қызға қырындамақ болған (ВИДЕО)

«ПДФЛ тақырыбын 7 сағаттан бері талқылап жатырмыз. Әйелдерден мыңдаған кері байланыс келіп жатыр. Бірде-бір еркек азғынды даттап хат жазбады. «Туыңдар, аналарымыз 10 құрсақ көтерген» дейтін еркектер үнсіз. Аналар әдеттегідей өз проблемасымен жалғыз.

Қолқанаттың парақшасында комментарийі өшірілген ақталу видеосы шықты. Аналар қыздарынан: «Саған ағайың тиісті ме?» деп камераға арнайы петличкамен сұратып жатыр. Күлейін бе, жылайын ба? Баладан камераға қарап тұрып сұрақ қойғанда олар үлкеннің сөзін сөйлейтіні айдан анық. Пожалуйста не позорьтесь и не давите на детей!», – деп жазды Роза Әшірбаева желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол ана-аналардан кәмелетке толмаған балалардың суретін әлеуметтік желіге жарияламауды сұрады.

«Кәмелетке толмаған балалардың суреті мен видоесы пдф-дан басқа ешкімге керек емес. Сондықтан балалардың суретін әлеуметтік желіге шығармаңызлар. Олардың фото-видеосы өзіңізге ғана керек. Сосын баланы рұқсатсыз сүйіп, құшақтауға болмайды», – деді коуч.