«Құдайдың берген абыройы шығар. Сен болмасаң Мақпал Жүнісованың анасы деп мені танып, ерекше қарсы алмайтын еді».
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жуырда 62 жасқа толды. Әнші туған күнін қалай атап өткенін көрсетіп, желіге видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлгі видеодадан Мақпал Жүнісованың жаңа жасын ет-жақындарымен үйде тойлағанын көруге болады.
Дастархан басында әнншінің туыстары құшағын гүлге толтырып, оны ерекше күтіп алған.
Әншінің анасы қызын жаңа жасымен құттақтап, ақ тілегін айтқан.
«Мақпал, маңдайымызға біткен бақ, дәулет шығарсың. 5-6 қыздың ішінен сені маған осындай өнерлі етіп берген шығар. Халықта сенікіндей дауыс жоқ. Басқа кісі сенің дауысынды сала алмайды. Анаң болғаннан кейін ба, сенің дауысын маған аса ерекше. Осы өнерің мен дауысыңмен Қазақстанның Халық әртісі атандың. Бүкіл халық сыйлайды. Қазақстан тік тұрады. Апалардың өзі бас иіп тұрады. Құдайдың берген абыройы шығар. Сен болмасаң Мақпал Жүнісованың анасы деп мені танып, ерекше қарсы алмайтын еді. Менің қызым халықтың қалаулы, сүйіп тыңдайтын әншісі», - деді анасы қызына риза болып.