14.01.2025, 13:00

«Ақша алғысы келіп тұрғанын бірден сеземін»: Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы шындықты айтты

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Түсіпбаеваның айтуынша, қазіргі қоғамда әйелдердің қолдауымен өмір сүруге тырысатын ер адамдардың саны көбейген.

Отандық әнші және актриса Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, "альфонс" жігіттерге қатысты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түсіпбаеваның айтуынша, қазіргі қоғамда әйелдердің қолдауымен өмір сүруге тырысатын ер адамдардың саны көбейген.

Әнші мұндай мінез-құлық қазақ жігіттеріне жат екенін атап өтіп, альфонстарды сынға алды. Сондай-ақ ол осындай адамдарды өміріне жолатпайтынын ашық білдірді.

"Менің өмірімде альфонстар болған емес. Егер ер адамның менің ақшамды алғысы келіп немесе жағдайымды пайдаланғысы келіп тұрғанын байқасам, бірден қарым-қатынасты үземін. Қазір ондай адамдар өте көп. Көпшілікпен араласатын болғандықтан, мұны анық байқаймын. Құдай сақтасын, бұл жақсы құбылыс деп санамаймын. Әйелдің арқасында өмір сүру немесе жағдайын түзеу – қазақ жігіттеріне тән қасиет емес", – деді ол Instagram парақшасында.