Шіркін-ай осы ақшаны жағдайы жоқтарға берсе ғой.
Танымал әнші Төреәлі Төлепов әйеліне ерекше қуаныш сыйлау үшін гүл алған. Олардың бақытты сәті түсірілген бейнежазба TikTok-та жарияланды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
"Төреғалидің әкесі неткен романтик", - деп жазылған видеода.
Желі қолданушыларына қымбат сыйлық ұнамай қалғанын байқауға болады.
"Шіркін-ай осы ақшаны жағдайы жоқтарға берсе ғой", "Не деген шығын", "Осы да мақтаныш па? Бір-екі күннен кейін солып қалады, одан да мұқтаж жанға көмектеспедіңіз бе?", "Осылардың байлығы кімге керек?", - деп сөгіп жатыр жұрт.