«Мақтануды ғана білесің, қаншама адам нан таба алмай отыр».
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзі тұрып жатқан үйін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен қарапайым тұрғанды ұнатамын ғой. Орташа болғанын қалаймын. Асып-тасқым келмейді. Оның үстіне ұйқым да тыныш. Ұры түседі деп уайымдамаймын. Қатты жаман да емес, керемет те емес, орташа тұрмыс дұрыс», – деп жазды продюсер.
Кейінірек танымал продюсер «Мақтануды ғана білесің, қаншама адам нан таба алмай отыр» деп жазған оқырманына жауап берді.
«Үйіме перде тіктіріп едім, халық шулап кетті. Жап-жас қыздардың еңбегін бағалау керек. Ұялатындай жеті қанатты сарай соғып жатқан жоқпын. Әлде алтын жіппен тігілген перде көріп тұрсыз ба?! Қазір еңбек етпей, алаяқтықпен не болмаса дайын асқа тік қасық салып үйренген жастар көп. Көз майын тамызып, қыздар еңбек етті, ұнатып жатқандар болса тапсырыс беріп, саудалары жүрсін. Еркек басыңызбен әйелдермен өсек айтысып не істеп отырсыз, сіздікі тіптен ұят екен», – деді Гүлзира Үсенқызы.