25.01.2025, 06:30

«Орамал ойыншық емес!»: Меккеден оралған Қарақат Әбілдина орамал тағуға қатысты пікір білдірді

Фото: instagram.com/karakat_a

Өнер иесі жаңа жыл қарсаңында отбасымен бірге қажылық сапарға аттанған еді. 

Танымал әнші Қарақат Әбілдина орамалға қатысты оқырман сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жаңа жыл қарсаңында отбасымен бірге қажылық сапарға аттанған еді. 

“Міндетті түрде орамалға келемін. Инша Алла! Сән үшін емес, саналы түрде келемін. Жаратушымның әмірі жүрегіме түскен кезде келемін. Бір киіп, бір шешетін орамал ойыншық емес! Талайларды көріп жүрміз, ондайлардың қатарынан болғым келмейді. Бұл әйел заты үшін өзекті тақырып, өте күрделі қадам. Әсіресе біз өмір сүріп жатқан қоғамда өте маңызды. Адам бірінші сырт келбетін бүтіндеуден бастамас бұрын, ішкі әлемін, руханиятын иман байлығымен толықтыруы керек! Саналы түрде дегеніміз – сол. Ілім, білім жинап, ақылмен шешім қабылдаса қайырлысы сол болмақ. Бұл – менің пікірім. Қате шығар мүмкін?! Мысқылдап жазған пікіріңізге қысқаша жауабым осы. Алла түзу, қайырлы жол берсін!”, – деп жазды әнші.