$ 516.85  537.68  5.26

«Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді»: Бүркіт отандастарына үндеу жолдады (ВИДЕО)

Шындық қой. Бізде бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Ұятты дүниелер көп енді. 

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Балиде отбасымен демалып жатқан  әнші Бүркіт ондағы отандастарының іс-әрекеті туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның байқауынша, екі елдегі көлік жүргізушілерінің жолда жүру мәдениеті жер мен көктей.

«Бали халқының саны шамамен 4 млн. Мына көшенің қиылысында қаншама көлік, мопед. Бағдаршам жоқ. Қалай өтіп жатыр?! Сабырлықпен, тыныштықпен өтіп жатыр, күліп өтеді. Осындай қиылыстар болса бізде баяғыда қырылысып, кептелістің көкесі болар еді. Біздің көлік жүргізушілері, үйренейікші, бір-бірімізді сыйлайықшы!

Шындық қой. Бізде бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ боп бара жатыр. Жол әдебі деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келетіндер қаншама. Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұятты дүниелер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау!», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары