Сонымен қатар ақын футболшыға арнап арнау әнін айтты.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева атақты «Бешикташ» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдиновті Түркиядағы үйінде қонақ қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазақтың етін сағынып жүр ғой деп тағы шақырып алдық. Арнау айтып, кішкене шабыт беріп қойдым, енді тек жеңімпаз боламын деп кетті. Үйлеріңізден қонақ кетпесін», - деп жазды ақын.
Осыдан кейін ақын футболшыға арнап арнау әнін айтты.
«Өлеңмен арнау айтуға, Домбырамды алып, жайландым. Отыз жыл жүрген айтыста, Ақын қызымын найманның.
Қазаққа ортақ қыз едім, Тараздай асыл халықтың. Қазығына келіп байландым. Қош келдің, бізге Бақтияр,
Қонақ болып бүгін жайландың. Тараздың емес, қазақтың, Мақтанышына айналдың», - деп арнау айтты.