27.01.2025, 16:00

«Не алса да, біз алып беретін шығармыз»: Гүлзира Айдарбекова баспанасыз қалған келініне пәтер алу жайлы айтты

Фото: nur.kz

"Ұлымның отбасы - біздің де отбасымыз, әр нәрсенің өз уақыты болады".

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға баспана әперу мәселесін қозғап, сынап пікір қалдырған оқырманына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Пікірлердің арасында «одан да осы ақшаға Жұлдызға үй алып бермейсіздер ме?» деп жазған.

«Неге өтірік парақша ашып жазып отырсың?! Жұлдызға үйді сен алып бермейсің ғой, не алса да біз алып беретін шығармыз. Ұлымның отбасы - біздің де отбасымыз, әр нәрсенің өз уақыты болады. Біреудің отбасынан кір іздеп, неге ақыл айтқышсыңдар? Өз отбасыңда бәрін кемшіліксіз керемет қойып па едің? Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленген жаңына ләззат сыйлайды ма?» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.