Көрімдік жіберемін дейтін ойыңыз болса, Айнамкөзге жіберіңіз.
Танымал әнші Серік Ибрагимов өзі мен әйеліне алған көлікті көрсетіп, көрімдік сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жеке парақшасында видео бөлісіп, су жаңа көліктерінің маркасын да жасырмады.
“Біздің жаңа темір тұлпарларымыз. Баршаңызға жұғысты болсын! Көрімдік жіберемін дейтін ойыңыз болса, Айнамкөзге жіберіңіз”, – деп жазды әнші.
Алайда өнер иесі ешкімнің көрімдік аудармағанын айтып, ренішін жеткізді.
“Бір де бір адам көрімдік бермеді. Осы адамдар қызық?! Жұғысты болу үшін көрімдік беру керек емес пе?! Біз болсақ барымызды береміз. Мынау майды ішеді екен. Машинамның маркасы анық көрініп тұр. Құны – 100 миллион теңге”, – деді өнер жұлдызы.