$ 516.85  537.68  5.26

«Өмірімнің жарығысың»: Бүркіт әйелі Аишаға ерекше жазба арнады (ВИДЕО)

Ол сүйген жарына рақмет айтты.

Фото: instagram.com/berkut_aibekjan
Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Бүркіт есімімен танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Айбек Жансейітов жары Аишаны туған күнімен ерекше құттықтады. Ол жүрекжарды лебізін әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Айбек Жансейітов Instagram-дағы парақшасында Аишаға деген ақжарма тілегін екі тілде - қазақ және орыс тілінде жазып, жылы видео жариялады.

"Туған күніңмен, күнім, ең бақытты жандардың бірісің! Сенімен мен жақсы болдым, сенің арқаңда көп нәрсені үйрендім! Жақсы, адал жар болғаныңа Аллаһыма мың алғыс!", - деп жазды әнші.

Ол сүйген жарына рақмет айтты.

"Сен - өмірімнің жарығысың! Сенің махаббатың - гүл жайнаған бақ! Мен Аллаға сендей гүл сыйлағаны үшін шексіз алғыс айтамын!", - дейді ол.

Желі қолданушылары да Бүркіттің сөзіне қосылып, Аишаның қарапайым, ақылды, дана, талантты әйел екенін атап өткен. Ал жақында Бүркіт пен Аиша төртінші сәбиін күтіп жүргені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 22
Күлкілі 26
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бүркіт Аиша