Оны желі қолданушылары «удай мас қой, ішіп алған» деп айыптаған.
Желі жұлдызына айналған Жұлдыз Жауынбаева (Жузефина) Құранды рэпше оқимын деп басы дауға қалған еді. Енді блогер көпшіліктің өзіне айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, оны желі қолданушылары «удай мас қой, ішіп алған» деп айыптаған.
«Дайрект жарылып жатыр. Жаңалықтарда ащы суға тойып алған Жузефина деп жазып жатыр. Рақмет! Ал жанымда хиджабтағы қыздар тұрғаны, халал отырыс болып жатқанына бәрібір. Халық теледидар қарамай кетті деп, енді мені шығарып қаралым жинап жатсыздар ма сонда?», - деді ол желіде.