30.01.2025, 00:30

«Өсиетіңді басыңа шайнап жақ»: Келіндерге ақыл айтқан коучтың басы дауға қалды

Фото: www.instagram.com/roza.coach

Қаншама жас отбасының бұзылуына себепшімін деп ойламайсыз ба?

Таяуда танымал коуч Роза Әшірбаева келіндерге тілінің уын шашып отыратын енелерге бөлек тұруға кеңес берген. Оның бұл туралы айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Роза Әшірбаева желідегі парақшасына жариялаған видеосында келіндерге ененің күңі болмауға, соған көніп, жастық шағын құртудан аулақ болуға шақырған. Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары оны жақтырмай, түрлі жағымсыз пікірді қарша боратты. 

«Өте кісәпір адамсыз. Өсиетіңді басың майлап жақ, елді уламай», «Қаншама жас отбасының бұзылуына себепшімін деп ойламайсыз ба?», «Осындай ақылшылар құртады қазіргі жас келіндерді. Бұл данышпан қартаймайтындай сайрайды ғой», «Онда атаңның басына еркекке тұрмысқа шықтың ба?», «Өзі енемен тұрып көрді ме екен?», «Осындай елбұзар тәрбиесіз жартыбастар елді бүлдіріп, арандатқаннан басқа еш пайдасы жоқ» деп жаза жөнелді көпшілік.