Қайраттың интуициясы өте күшті.
Әйгілі әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың алаяқтарға алданып қалғанын естіген кезде сабыр сақтаған. Бұл туралы әншінің әйелі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса үйін ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын күйеуімен ақылдасқан.
"Карантин кезінде балаларымыз үйде қамалып отырып қалды. Олар есік алдына шыққысы келді. Содан дастархан басында балалар жер үй болғаны жақсы деп айтып жүрді. Үйді сату немесе алмастыру үшін заң түрінде жолдасыңның келісімі болуы керек. Сондықтан Қайрат бұл жөнінде білді. Қайратқа айтып, үй салатын жерді бірге барып көрдік, ақылдастық. Ол жер әуежайға жақын болды. Бұл бізге қолайлы болды", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Дегенмен уақыт өте келе, Қайрат күмәндана бастаған.
"Ол менен енді қашан дайын болатынын сұрай берді, кейінірек күдік туындады. Қайраттың түйсігі өте күшті. 2022 жылдың соңында ол бірдеңе дұрыс емесін айтты", – деді актриса.
Жұлдыздың айтуынша, алаяқтар туралы хабарды естіген соң, ол күйеуіне бәрін ашып айтты.
"Қайрат сабырмен қабылдады. Ең бастысы, аман болайық, еңбек етіп, басқа үй аламыз деді. Ол, тіпті, тағы біреуді алдамауы үшін мен соңына дейін барамын деп шештім", – деп түсіндірді актриса.