Танымал медиа менеджер Динара Сәтжан актрисаны алтап соққан компания өкілі Диляра Тәжімбетованы танитынын жасырмады.
Тележүргізуші Динара Сәтжан құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған Қайрат Нұртастың әйеліне қатысты тың ақпаратты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен Диляраны танимын. Ол да маған ұсыныс жасаған. 2020 жылы амбассадор бол, бірге жұмыс істейік деген. Мен амбассадор бола аламын, бірақ маған келісімшарт керек, мен солай ғана жұмыс істеймін деп едім, ол тек ауызша келісімшарт жасайық дейді. Мен басымды ала қашып, бірден бас тарттым. Себебі ішкі түйсігімде сенімсіздік болды", – деді журналист.