$ 518.14  537.57  5.27

«Орны көгеріп, қиналып жүрмін»: Гүлзира Айдарбекова 18 жыл бұрын жасаған ісіне өкінетінін айтты (ВИДЕО)

Шоу-бизнес жұлдызы, алғаш рет ене атанайын деп жатқанда жасарғысы келгенін мойындады. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қасына татуаж жасатып, қалай өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес жұлдызы, алғаш рет ене атанайын деп жатқанда жасарғысы келгенін мойындады. 

“Осыдан 18 жыл бұрын ене болайын деп жатырмын деп татуаж жасатып едім. Алғаш рет келін алған кезім. Қызық көрінген шығар?! Көзім мен қасымды өзгертіп алып едім. Татуаж хит заманда жасатып алып, орны көгеріп қалып, қиналып жүргеніміз рас. Дұрыс істемегесін көгеріп кететін. Қытайдың өнімі болғасын сондай болды ма, білмедім. Бірақ бәрі қызық үшін істелген еді. Ене боламын, құда-құдағайымды сұлу болып қарсы аламын деп ойлағаным есімде”, – деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары