$ 494.84  537.4  5.58

«8 жыл толып отыр»: Димаш Құдайберген жанкүйерлерін ерекше қуантпақ

Құдайберген өз жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде 30 қаңтар мереке екенін айтты.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қуантуға шешім қабылдады. Композитор өзінің фандомының 8 жылдығына орай су жаңа әннің премьерасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құдайберген өз жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде 30 қаңтар мереке екенін айтты.

"Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! Бүгін 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз", - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары